Елордада жастарға берілетін пәтерге өтініш қабылдау мерзімі ұзартылды

Елордада жастарға берілетін пәтерге өтініш қабылдау мерзімі ұзартылды

Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейтін жастардан сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтерге өтініш қабылдау мерзімі бір күнге ұзартылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz  желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«2019 жылдың 11 қарашасында сағат 12.20-да Smart Astana порталының жұмысы қалпына келтірілді. Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 12 қарашасы сағат 22.00-ге дейін ұзартылды», – делінген әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетсек, Жастар жылына орай Елбасының тапсырмасымен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмысшы жастарға тұрғын үйді беру бойынша ережелерді бекіткен болатын. Аталған тапсырманы ҚР Тұңғыш Прездиенті Н.Ә.Назарбаев 2019 жылдың 23 қаңтарында Жастар жылының ашылу салтанатында берген еді.

Пәтерге үміткердің кәсіби саладағы тиісті дипломы, сертификаты болуы керек. Сонымен бірге, өтінім берген жастың отбасының және балаларының болуы ескеріледі. Жастар үшін жалдамалы пәтер беру бағдарламасы 2021 жылға дейін жүзеге асырылады.

Өтінімді 5-12 қараша аралығында тек электронды түрде «Смарт Астана» мобильдік қосымшасы арқылы беруге болады. Жалға берілетін тұрғын үйге 29 жасқа толмаған, жалпы білім беретін мектептердің, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының оқу жоспарларын меңгерген және еңбек қызметін жүзеге асыратын азаматтар өтініш бере алады. Сонымен қатар, нарықта сұранысқа ие 100 мамандықтың тізіміне сәйкес, кәсіпті игерген азаматтар, жас отбасылар, жас кәсіпкерлер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері басым санаттарға жатады.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях