Елордада отбасылық институтты қолдауға арналған жаңа орталық ашылды 

Елордада отбасылық институтты қолдауға арналған жаңа орталық ашылды 

Sorry, this entry is only available in Русский.

Елордада отбасы институтын қолдауға арналған «Жанұя» орталығы ашылды, деп хабарлайды  Karasayinfo.kz желілік басылымы «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Орталық «бір терезе» қағидасына негізделген. Бүгін премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен қала әкімі Алтай Көлгінов орталықтың жұмысымен танысып, өз бағасын берді. Бір ерекшелігі «Оpen space» алаңы қала тұрғындарына жұмыс табудан бастап, барша қажетті қызметтерді көрсетеді.

Сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй алу, бизнес ашу сынды тағы да басқа мәселелер бойынша кеңес береді. Орталықта 12 мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор жұмыс істейді. Мұнда «Кәсіпкер ана» деген аналарға арналған, бизнестерін дамытуға қолдау көрсететін орталық та бар. Мамандар көп балалы және аз қамтылған отбасыларға өз кәсібін ашуға жан-жақты қолдауға дайын.

– Біздің ең негізгі мақсатымыз – 12 мүшесі сау адамның қолынан жұмыс келетін адамдарды жұмысқа орналастыру. Ол үшін білім беріп, мамандық жағынан жұмысқа орналасуына көмектесуіміз керек. Қазір неше түрлі мемлекеттік бағдарламалар бар. 1-6 айға дейін курстар бар. Соны оқып, қазіргі экономикалық мамандықтарды алу керек, – деді ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев. Орталыққа қатысты қала әкімі  Алтай Көлгінов те өз ойын білдірді.

– Бұл орталық тұрғындардың сұранысымен ашылып жатыр. Бұл жерде әкім және өзім келіп қабылдау өткіземін. Орынбасарлар, басқарма басшылар бар кестеге сәйкес қабылдау да өткіземіз, – деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях