Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы қаулысымен архившілер күні белгіленді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Ақорда сайтына сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
- «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., №53, 343-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі: мынадай мазмұндағы 48-тармақпен толықтырылсын:
«48. Архивші күні – 22 желтоқсан».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.