Елімізде неке қиюды тіркеу мерзімі енді 3 күнге қысқарады

Елімізде неке қиюды тіркеу мерзімі енді 3 күнге қысқарады

Sorry, this entry is only available in Русский.

Ақпарат және коммуникация министрлігі бірқатар қызметтерді оңтайландыратын, соның ішінде некені тіркеу мерзімін қысқартатын заң жобасын әзірлеуде. Бұл туралы Үкімет отырысында министр Дәурен Абаев мәлімдеді деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz. сайтына сілтеме жасап.

Дәурен Абаевтың айтуынша, заң жобасында 43 заң мен 10 кодекстерге 500-ден астам түзетулер қарастырылған. Ол  121-і мемлекеттік қызметті оңтайландыруға бағытталған.

– Мысалы, некеге тұруды тіркеу қызметтерін оңтайландыру жоспарланып отыр. Ол некенің мерзімін бір айдан үш жұмыс күніне дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, салық төлеушілердің артық төлеген сомасын автоматты түрде қайтару қарастырылады. Түзетулер бір ғана нормативті актімен мемлекеттік қызметтер тәртібін реттеуді көздейді, – деп, атап өтті Абаев.

Оның айтуынша, қазір қазақстандықтардың 64 пайызы ғаламторға кіру үшін смартфондарды пайдаланады, сондықтан негізгі бағыттардың бірі   «M-Gov» мобильді қосымшасын дамыту болып табылады. «Бүгінгі таңда сервистің 80 қызметі  ғана қолжетімді, сондықтан мобильді және веб-нұсқасын синхронизациялау жұмысы  жүргізілуде.  Сонымен қатар, 1,3 миллион адам мобильді қосымшасының пайдаланушысы болып табылады. Ал, 2018 жылында    пайдаланушыларға  «M-Gov» қосымшасының  3,6 миллион қызметі көрсетілді», – деді министр.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях