Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина кімдерге егіледі?

Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина кімдерге егіледі?

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцинаға қатысты жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина жасауды жоспарлау вакцина әзірленіп, клиникалық сынақтан өткеннен кейін және препарат бағасы анықталғаннан соң басталуы мүмкін. Қазіргі уақытта вакцина әлі әзірленбеген және оның бағасы да айқындалған жоқ», – деп мәлім етті Денсаулық сақтау министрлігі.
Ведомствоның мәлімдеуінше, алдын ала болжамға сәйкес, вакцина 65 жастан асқан, жүрек-қан тамыры ауруы, қант диабеті және созылмалы өкпе аурулары бар тәуекел тобына кіретін адамдарға және медицина қызметкерлеріне салынатын болады. Вакцина алатын адамдардың болжамды саны 2 347 000 адамды құрайды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях