Елдің амандығы бәрінен маңызды

Елдің амандығы бәрінен маңызды

Еліміздің бірқатар өңірлеріндегі су тасқыны ешкімді де бей-жай қалдырып жатқан жоқ. Алыстағы ағайынның қайғысы бәріміздің жанымызға батады. Табиғи апаттың аяқ асты орын алуы біздің тарихымызда біраз жылдан бері болмаған еді. Бұл жайлы бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жариялаған Үндеуінде айтқаны белгілі.

«Баршаңызға белгілі, қазір елімізде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Қардың күрт еруіне байланысты аймақтарда су тасқыны болып жатыр. Бұл – табиғи апат. Мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмаған. Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болады», – деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Президентіміз, сондай-ақ су тасқынының орын алуы жергілікті атқарушы органдардың жіберген қателіктері екенін қадап айтты. Ол өз сөзінде қазір барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын, Үкімет қарғын судың салдарын жоюға бар күшін салуда екенін жеткізді.

Тасқын судан зардап шеккен тұрғындардың барлық шығыны өтелетіні жайлы Қасым-Жомарт Тоқаев нақты түсіндірді. Айтуынша, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды, қаржылық және басқа да көмек берілмек.

Бұл, әрине дұрыс шешім деп есептеймін. Ел басына күн туғанда Президентіміздің мұндай пәрмені өте орынды. Халықтың амандығы осында шаралар атқарылуы тиіс.

Қиын-қыстау кезде бір-бірімізге қолдау көрсету айрықша маңызды. Сондықтан Мемлекет басшысы айтқандай, бір ел, бір халық болып жұмылып, бұл апатты еңсереміз.

Берікбай ҚАДЫҚОВ,

Қарасай ауданының Құрметті азаматы, ардагер-журналист

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях