Ел тілегі ескерілді

Ел тілегі ескерілді

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Бүгін аудан әкімінің тұрғындармен есепті кездесу жиыны ауданымыздағы Жаңашамалған ауылдық округінде де өтті. Жиынды аудандық мәслихаттың хатшысы Айтбай Көшкімбаев жүргізіп отырды. Алдымен аудан әкімі Жандарбек Далабаев өңірдің өсіп-өркендеуі жайында қысқа мағлұмат беріп, елді мекендердегі өткен жылы қолға алынған жұмыстарды кеңінен мәлімдеді. Ауыл тұрғындарына биылғы жылы Шамалған бекетіндегі қазақ орта мектебі мен Ы.Алтынсарин орта мектебіне жапжарсай салу құрылыс жұмыстары жүргізілетіндігі жөнінде хабардар етілді.

Жарыссөзге шыққан азаматтар тыңдалғанан кейін, аудан басшысы халықты еркін пікір алмасуға шақырды. Бұл ретте жаңашамалғандықтар тарапынан округ арқылы өтетін шойынжол бойына автомобильдер мен жаяу жүргіншілер жүретін аспалы көпір немесе айналма жолы керектігі айтылды. Ал, халық денсаулығын сақтауда маңызды рөл атқаратын аурухана ғимаратының ескіргені тілге тиек етіліп, осы нысанның жаңарту қажеттілігі алға тартылды. Бұдан да басқа мәселелерді назарға алған аудан басшысы кейбірін шешуді тиісті қызмет басшыларына сол жерде тапсырды. Ал, орынбасары Айжан Назарбаеваға көтерілген сұрақтарға байланысты нақты жауап беру үшін, үш айдан кейін тағы бір кездесу өткізуді жүктеді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях