ЭКО жасату қаншалықты қолжетімді?

ЭКО жасату қаншалықты қолжетімді?

«Экстрокорпоральді ұрықтандыру әдісіне кімдер жүгіне алады?», «ЭКО жасату қаншалықты қолжетімді?», «ЭКО жасатуға жолдаманы қалай алуға болады?» деген сияқты бірқатар маңызды сұрақтарға Қаскелеңдегі «Жанұя Жұмабек Мед» клиникасының бас дәрігері, гинеколог Зада Сартаева жауап берді, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымның тілшісі.

         Зада Алшимбекқызының мәліметінше, ЭКО-ның көмегіне көпшілікке түсінікті тілмен айтқанда табиғи жолмен балалы болуға мүмкіндігі жоқ жандар жүгіне алады екен. Жалпы,  біздің елде ЭКО бағасы басқа мемлекеттерге қарағанда арзан. Шетелдегі ЭКО арқылы бала сүюге бір рет талпынып көру бағасы орташа есеппен 30-35 мың доллар тұрса, біздің елде шамамен 700000-800000 теңге аралығында шығын болады. Бұл қаражаттың көбі дәрі-дәрмекке кетеді. Қандай дәрі ішуі керектігі, қандай мөлшерде қабылдайтыны әрбір әйелдің ағзасына, денсаулық жағдайына байланысты болады. Осы ретте аталған орталықтың бас дәрігеріне «Сіздердің клиника ЭКО-ға квота бересіздер ме? Оны алу үшін не істеу керек?» деген сұрақ қойдық.

– Ол үшін біздің медициналық орталыққа тіркелген МӘМС төлеушісі болу керек. Біздің клиникада 2017 жылдан бастап репродуктолог-дәрігер Ирина Александровна жұмыс істейді. Сол кезден бері бала көтеруге ниетті әйелдерді ЭКО-ға дайындаймыз. Ал, 2021 жылдан МӘМС арқылы тегін квота бере бастадық. Мәселен, өткен жылы біздің орталықта қаралған 5 әйел балалы болды. Үш әйелге тегін жолдама берілген. Биыл бізге төрт квотаға орын берілді. Қазіргі уақытта оның үшеуіне үміткерлер табылды. Енді тегін квотаға үміткер болу үшін не істеу керектегіне тоқталсақ, алдымен біздің клиникадағы гинекологқа қабылдауға жазылу керек. Одан кейін дәрігер бала көтеруді жоспарлап болашақ ананың картасын ашады. Осылайша жалпы анализдер мен гармандардың нормасы, қалқанша безі тексеріледі. УЗИ-ге түсіріп, гистероскопия, метросальпингография сынды әдістер арқылы әйелдің жатырын тексереді. Репродуктолог-дәрігер ЭКО жасатуға денсаулығы жарайды деген қорытынды береді. Сол қорытындыны алып біз тізімге тіркеп, облысқа жібереміз. Квотаны беру немесе бас тарту шешімін облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдер құрылған арнайы комиссия қабылдайды, – деді Зада Алшимбекқызы.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях