Қарапайым видеографтан топ-операторлыққа дейін. Атыраулық жігіт атақты әншілерге бейнебаян түсіріп жүр

Қарапайым видеографтан топ-операторлыққа дейін. Атыраулық жігіт атақты әншілерге бейнебаян түсіріп жүр

Абзал Батырғали – 24 жасында «Coca-Cola» сияқты әлемдік компанияларға жарнама, ал RaiM & Artur, Truwer, Limba сынды қазақстандық танымал әншілерге бейнебаян түсіріп жүрген қарапайым атыраулық жігіт. Бұл салада арнайы білімі жоқ ол түсірілім өнерін өзі үйренген, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сілтеме жасап.

Абзал Батырғалидің сөзінше, оператордың міндеті – режиссердің идеясын оның ойындағы қиял көрінісімен түсіру және оған шығармашылық қолтаңбаңды қоса білу. Бүгінде атыраулық жігіттің сол қолтаңбасын «Coca-Cola», «Olx», «Wolt», «Chevrolet», «Qazaq Republic», «IK melwear» жарнамаларынан байқауға болады. Ол Raim және Artur, Yenlik, Limba, Truwer, 104 сынды әншілерге де клип түсіріп берген.

Негізі Абзал бұрыннан өз қаласы Атырауда шағын роликтер түсіреді. Ал Алматыға келгелі 3 жылдан асқан. Оның крьерасындағы елеулі өзгерістер 2018 жылы Ауғанстанға Қазақстандағы терроризм туралы деректі фильм түсіруге барып келгеннен кейін басталған. Оның бұл сапары көп таныстыққа әкелгенін айтады.

– Instagram-да өзім сияқты әріптестерімнің көзіне түсіп, кейін олар Ауғанстанға түсірілімге шақырды. Бұл Qazaqstan телеарнасына арналған деректі фильм еді. Сол кездегі телеарна директоры, қазіргі мемлекеттік хатшы Ерлан Қаринмен бірге барып келдік. Онда өміріме емес, түсірілім ойдағыдай өтсе екен деген уайым басымырақ болды, – дейді ол.

Сөйтіп елге қайтқан соң елордада қалып, «OZEN» лейблын ашқан Айзатулла Хуссейн мен достары бірігіп Darkhan Juzz-ге бір минуттық кішігірім клип түсірген. Осылай басқа да жобалар пайда болып, Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында арлы бері күн көрген.

Абзал Батырғали түсірілімге идея, шабытты әлеуметтік желілерден, YouTube-тағы операторлардың арналарынан, олардың Instagram-парақшаларынан, Vimeo-дағы арналардан алатынын айтты. Олардың визуалына қарап, қалай жасағанын, кейде бэкстейджін тауып түсініп, сондай-ақ, кино операторларының басқа операторлардың жұмысын талдайтын видеоларды көру арқылы жаңа ой алуға болатынын бөлісті.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях