ЭКО үшін квота кімге және қалай беріледі?  

ЭКО үшін квота кімге және қалай беріледі?   

2020 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы бойынша ЭКО квота санын жеті мыңға дейін көбейтуді міндеттеді. Осыған орай, ЭКО жасатқысы келетін әйелдерді кезекке қоюға жауапты    аудандық орталық ауруханадағы акушер-гинеколог Гүлмира Косаховамен   сұхбаттасқан едік. Бұл туралы karasayinfo.kz желілік басылымның материалында.

– Гүлмира Ергешқызы алдымен ЭКО жөнінде мәлімет берсеңіз?

Экстракорпоралдық ұрықтандыру (ЭКО) – бедеулік кезінде қолданылатын көмекші репродуктив  технология. Мұндайда бала ананың денесінен сырт ұрықтандырылады. Анасы мен әкесінен қажетті генетикалық материал алынады. Лабораторияда ұрықтандырады, содан кейін эмбрионды арнайы инкубаторға ауыстырады. Егер жақсы дамып жатса, онда бірнеше эмбрионда әйелдің жатырына салады.

– ЭКО-ны елімізде қай уақыттан бастап тегін алуға болады?

Қазақстанда 2010 жылдан бастап экстракорпоралдық ұрықтандыруға квота бөлінеді. Осы уақытқа дейін жеті мыңға жуық ЭКО жасалыпты, нәтижесінде 3 000 бала туылыпты. Ол кездері республика бойынша жылына тек 1000 квота берілетін. Ал, келер жылдан бастап Президентіміздің осы салаға көңіл бөліп, 7 есеге көбейтуі көп отбасына үлкен үміт сыйлады. Біздің ауданда дәл қазір  жасанды жолмен ұрықтандыруға мемлекеттік квотаны алу үшін 85 әйел кезекте тұр. Ал, өткен жылы 13 әйел тегін ЭКО жасату мүмкіндігіне ие болып, ана атанды. Квота саны 7000 болғандықтан бұйырса 2021 жылдан бастап 40-50 әйел квотаға ілінеді деп ойлаймын.

Квота алу үшін не істеу керек?

Алдымен тұрғылықты  мекенжай бойынша учаскелік терапевтке бару керек. Содан кейін  кезекке қою үшін арнайы репродуктология орталығына барып  анализдерді тапсыру керек.  Салалық емхананың дәрігерлері   ЭКО жасатуға денсаулығы жарайды деген қорытындыны  алып орталық ауруханадағы жауапты маманға әкеліп тапсырады. Біздің ауданда мен тізімге тіркеп, облысқа жіберемін. Квотаны сол облыстық денсаулық сақтау басқармасынан құрылған арнайы комиссия шешеді.

– ЭКО қандай жағдайда жасалады?

– Бір жыл ішінде емделгенімен бедеулік жойылмаса, жатырдың екі түтікшесі де болмаған жағдайда, аналық без болмаған жағдайда, түтікшенің бітелуі салдарынан түтікше, түтікше-ішперде бедеулігі, 6-12 ай бойы гормон терапиясы жасалғанымен нәтижесі болмай эндокрин бедеулігі, осындай және басқа денсаулық жағдайына байланысты ЭКО арқылы жүкті болуға болады.

– Квотаны кімге берілмеуі мүмкін?

Ал, квота жүктілікке кедергі келтіретін қандай да бір ауыр ауруы бар, соматикалық және психикалық аурулар, туғанынан жатыр деформациясы, ауруы болса, жұмыртқада қатерсіз ісік болса, жатырда қатерсіз ісік болса т.б. болған жағдайда квота берілмейді.

– Тұрмыс құрмаған немесе күйеуі жоқ әйелге ЭКО үшін квота беріле ме?

– Иә, денсаулығы жараса, ала алады. Себебі квотаны тек ерлі-зайыпты емес, заңды некеге тұрмаған әйелдер де ала алады. Қазір ер адамдар жағынан белсіздік көптеп кездеседі. Ал, әйелдерінің денсаулығынада ешқандай кінарат жоқ, бала көтеруге мүмкіндігі толықтай бар болады. Мұндай жұптарда мемлекеттік квотаны ала алады.

Жылына қанша рет ЭКО үшін квота алуға болады?

Арнайы комиссияның шешімімен мемлекеттік тегін медициналық көмек көлемі аясында бір жылда тек бір рет ЭКО үшін квота беріледі. Жүктілік сәтті болмаған жағдайда қайта кезекке тұру керек

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях