e.gov.kz «электрондық үкімет» портал қызметі насихатталды

e.gov.kz «электрондық үкімет» портал қызметі насихатталды

Sorry, this entry is only available in Русский.

Қандай да бір ісіңіз мемлекеттік қызметкерлердің кеңесімен шешілу керек болса, бірден сол мамандарға жүгінетініміз анық. Алайда, халық санына байланысты кезек күту мәселесі тағы бар. Соны жеңілдету мақсатында, әрі тұрғындар үшін пайдалы, мүмкіншілігі көп игі шаралар ұйымдастырылуда. Соның бір дәлелі ретінде бүгін ауданымыздағы Халыққа қызмет көрсету орталығында кезекті «мемлекеттік қызметкерлер» жәрмеңкесі болды. Айына бір рет өткізілетін бұл игі бастаманы аудан әкімі мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімі ұйымдастырып отыр. Тұрғындардың сан сауалдарына тікелей жауап беру үшін аудандық бөлімдердің өкілдері келіп, пайдалы кеңестерін айтты. Мамандардың  басты мақсаты – e.gov.kz «электрондық үкімет» порталы жайлы насихаттап, әрі оның онлайн жүйеде қызметтерді басқару амалдары мен мүмкіншіліктері туралы айту.

ХҚО-ға бас сұққандардың арасынан тиісті бөлім мамандарына жолығып, жеке сұрақтарын да қойып жатты.  Тіпті, кейбір азаматтар e.gov.kz «электрондық үкімет» порталынан хабарсыз екендерін айтып, бұл қызметтің тіиімділігін түсінді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях