Димаштың концерті алғаш рет Куба телеарнасынан көрсетілді

Димаштың концерті алғаш рет Куба телеарнасынан көрсетілді

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жеке концерті алғаш рет Кубаның «Canal Clave» телеарнасынан көрсетілді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Димаштың кубалық жанкүйерлері «Canal Clave» телеарнасының ресми парақшаларына бірнеше ай бойы хат жолдап, оның өнерін экраннан көрсетуді сұраған. Нәтижесінде өтініш орындалып, кубалық телеарнадан қазақстандық таланттың концерті берілді. Бір сағаттық бағдарлама барысында Димаштың 2019 жылдың наурызында Ресейдің Мәскеу қаласында аншлагпен өткен «D-Dynasty» атты жеке концертінің жазбасы көрсетілді.

Айта кетейік, биыл мамыр айында Димаштың концерті алғаш рет «Cubavisión» телеарнасында көрсетілгеннен кейін, жергілікті өзге телеарналар, радиостанциялар өз эфирлері мен желілері арқылы қазақстандық әншінің концерттерін трансляциялауға қызығушылық білдіре бастады. Бұл – Димаштың кубалық Dears-тарының еңбегі. Олардың ұсынысымен 23 тамызда «Radio Progreso» танымал радиостанциясы алтын дауыс иесінің концертін эфирге шығарып, ең үздік бағдарламалар рейтингі бойынша екінші орынды иеленді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях