Дәрігерлер Шарын шатқалындағы апаттан аман қалған 11 жастағы қыздың жағдайын айтты  

   Дәрігерлер Шарын шатқалындағы апаттан аман қалған 11 жастағы қыздың жағдайын айтты   

29 мамырда Шарын шатқалында болған апаттан аман қалған 11 жастағы қыздың жағдайы анықталды, – деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.  

«11 жастағы қызды 31 мамырда Төтенше жағдай қызметкерлері алып келді. Баланың келген кездегі жағдайы орташа ауырлықта болды. Қабылдау бөлімінде мамандандырылған көмек көрсетіліп, нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Бүгінде баланың жағдайы бірқалыпты, емін жалғастырып жатыр.

Келген кездегі диагнозы: мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы, орташа ауырлықтағы гипотермия, қолы және аяғының көп жері соғылған. Бала 7-10 күннің аралығында ем қабылдайды. Ешқандай операция жоспарланып отырған жоқ. Жағдайы тұрақты», – деді балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының бас дәрігерінің орынбасары Алуа Жексенова.

Еске салайық, 29 мамырда күндіз Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы каньонның төменгі бөлігінде сел жүргені хабарланған болатын. Сел тасқыны ауа райының күрт өзгеруіне байланысты болған. Шарын шатқалындағы қайғылы оқиғадан алты адам жарақат алып, 2 адам қаза тапты. Кейін қаза тапқан екі адамның оқушы мен мұғалім екені анықталды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях