Бірыңғай жиынтық төлем қалай жасалады?

Бірыңғай жиынтық төлем қалай жасалады?

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Ағымдағы жылдың қаңтарында шамамен 3 мың бірыңғай жиынтық төлем төленді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Ресми мәліметке сүйенсек, бірыңғай жиынтық төлемді ЖСН-ді теру арқылы екінші деңгейлі банктер (Халық банк, Форте банк, Цесна банк, Kaspi bank, Шинxан банк, Банк Центр Кредит) мен «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының банктік есепшотына аударуға болады.

Мемлекеттік корпорация аударылған әлеуметтік төлемдерді (МӘСҚ, БЖЗҚ, ӘМСҚ) және төлеушінің тұрғылықты жері бойынша тиісті бюджет салығына үлестіреді. Бүгінгі таңда елімізде шамамен 3 мың төлем төленген.

Жалпы, бірыңғай жиынтық төлемді «Қазпошта» АҚ сайты мен терминалдарының көмегімен онлайн түрде, оның ішінде «Каспи» банкінің мобильді қосымшасымен де төлеуге болады.

Ал,  «e-Gov» электронды үкімет арқылы онлайн төлем жасау ақпан айының аяғына дейін іске қосылады. Жоғарыда айтылған екінші деңгейлі банктер мобильді қосымшасымен төлем жасауды қашан жүзеге асыруды өздері шешеді.

Бірыңғай жиынтық төлемнің тағы бір ерекшелігі – өзін өзі жұмыспен қамтығандарға зейнетақы жүйесіне қатысуға мүмкіндік береді. БЖТ бұл –жаңа салық түрі емес, бұл төлемнің төрт түрін жасауға негізделген. Нақты айтатан болсақ, жеке табыс салығын  әлеуметтік және медициналық сақтандыру қорларына, зейнетақы қорына аударымдар жасауға болады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях