Бірінші Майда су мәселесі шешіліп, мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Бірінші Майда су мәселесі шешіліп, мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Бірінші Май ауылдық округінің тұрғындарын біраз уақыттан бері мазалап жүрген су, дәрігерлік амбулаторияның жоқтығы, ескірген мектептің ғимаратына жөндеу жұмыстарының қажеттілігі сияқты бірқатар мәселелері биылғы жылы шешімін табатын болады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Толығырақ айтқанда жоспарға сай биыл Бекболат ауылында 25 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория ашылып, мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Өткен жылы Бекболат пен Қайнар ауылдарының тұрғындарын мазалаған су мәселесін шешу мақсатында бюджеттен 1 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлініп, биыл ауылдарындағы ауыз су жүйелеріне толықтай жөндеу жұмыстары өткізіліп, тұрғындар сумен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, қайнарлықтарды мазалаған кәріз мәселе де биыл өз шешімін табатын болады. Бекболат пен Қайнар ауылдарындағы электр желілері де қайта жөндеу жұмыстарынан өтеді. Мұнан бөлек біріншімайлықтарды қуантатын тағы бір жайт, биыл Қайнар ауылында ашылуы жоспарланған жазғы алаң. Бұл жағымды жаңалықтардың барлығын аудан әкімі бүгін біріншімайлықтармен онлайн режимде өткізген үшінші есептік жиынында айтып өтті.

Халықпен онлайн кездесу барысында жолдарды асфальттау мәселесі бойынша тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға округ әкімі Елдос Мұқатаев жауап берді. Оның айтуынша, биыл Қайнардағы Амангелді, Бейбітшілік, Бекболаттағы Абай көшелері жасалатын болады. Ал, коммуналдық мәселелер бойынша Жандармек Ермекұлы мұндай қызметтерді көрсететің мекемелер жеке меншік болғандық оларға атқарушы органдар тарапынан ешқандай ескертулер қойылмайтындығын айтты. Бірақ та, оларға биылдан бастап әр тоқсан сайын тұрғындармен есептік кездесулер өткізу туралы ұсыныс тастағандығын мәлімдеді.

Биылғы жыл біріншімайлықтар үшін жағымды жаңалықтарға толы болмақ. Десе де өткен жылы да округ тұрғындары үшін көптеген игі істер жасалды. Соның бір дәлелі ретінде «Айдың нұры» қоры арқасында 9 баласы бар Картеновтар отбасының үйлі болуы. Сонымен қатар, карантин кезінде демеушілердің қолдауымен округтегі аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен қарттарға көмек көрсетіліп, 300-ден аса азық-түлік себеттері таратылған. Елдос Мұқатайұлының айтуынша, өткен жылдың тағы бір жағымды жаңалығы бюджеттен қаражат бөлініп, ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткішпен, Бекболат Әшекеев атындағы саябаққа күрделі жөндеу мен көгалдандыру жұмыстары жүргізілген.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях