Бір топ медицина қызметкерлері орден-медальдармен марапатталды

Бір топ медицина қызметкерлері орден-медальдармен марапатталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бір топ медицина қызметкерлері мемлекеттік орден-медальдармен марапатталды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен азаматтардың денсаулығын сақтау үшін жанкешті еңбек етіп, тынымсыз жұмыс істеген медицина қызметкерлерінің бір тобы мемлекеттік орден-медальдармен марапатталды», – деді Берік Уәли желідегі парақшасында.
Еске салсақ, Қазақстанда жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде медицина қызметкерлері күні атап өтіледі. Сондай-ақ, Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях