Билл Гейтс жаңа вируспен күресуге 5 млн доллар бөлді

Билл Гейтс жаңа вируспен күресуге 5 млн доллар бөлді

Америкалық «Microsoft» компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс Қытайда өршіп кеткен коронавирустың жаңа түрімен күресу әрі қытайлықтарға қолдау көрсету үшін өзінің қайырымдылық қорынан 5 миллион доллар бөлді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ерлі-зайыпты Билл және Мелинда Гейтс қоры бұл мәселеде пневмонияны жоюға қатысатын қытайлық серіктестермен, жеке және қоғамдық ұйымдармен бүгінде белсенді жұмыс істеуде.

– Бөлінген қаражат дертті жұқтырған адамдарды анықтауға, оларды карантиндік аймаққа орналастыруға және емдеуге, сондай-ақ, вирусқа қарсы вакцинаны жедел әзірлеп шығаруға арналатын болады. Біз бұл аурудың таралуына қатты алаңдаймыз және пневмониямен күресте алдыңғы қатарда жүргендерге шын жүректен құрметімізді білдіреміз, – деді қордың қытай бөлімінің директоры Лю Ино.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылғы 31 желтоқсанында Қытай билігі – Уханьде белгісіз пневмонияның белең алғаны туралы хабарлаған еді. Ал, қаңтар айында аурудың қоздырғышы – коронавирустың жаңа түрі екені белгілі болды. Бүгінде аталмыш вирусты жұқтыру оқиғалары Жапония, Оңтүстік Корея, Австралия, Малайзия, Сингапур, АҚШ, Франция және Канада елдерінде тіркелген.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях