Жуырда «Asyl Tas Holding» өндіріс компаниясы ауданымыздағы Бекболат ауылында еліміздің ұлттың әрі байырғы тағамы болып саналатын құртты ерекше пішінде жасап шығаратын цех ашып, бүгінде өз істерін дөңгелетуде, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.
Видеода көрсетілгендей жылтыр қағазға оралған «Chupa Chups»-терге бір көзбен қарағанда кішкентай балалардың ұнататын таяқшадағы тәтті кәмпиттеріне ұқсатуға болады. Алайда, оны қолыңызға алып жақынырақ көрсеңіз, оны тәтті кәмпит емес, қазақтың кәмдігі майлы құрты екенін байқасыз. Бұл жоғарыда айтып кеткен компанияның ата дәмді ұлттық бренд ретінде дамыту үшін ойлап табылған жаңа өнімі.
Компанияның директоры, көпшілікке танымал театр әртісі, тележүргізуші Рахман Омардың айтуынша, бұл өнімнің қызық пішіні кішкентай балаларды қызықтырып, оларды пайдасынан зияны басым тәтті өнімдерден алыстату мақсатында жасалған.
Таяқшадағы тәттіге ұқсайтын құртты жасау үшін табиғи әрі таза, ешқандай қоспасы жоқ, яғни, ашытқы, тұз және сүт өнімдері ғана қолданылады екен. Сондай-ақ, бұл өнім қазақ елінің бренді екен көрсету мақсатында оны сырты арнайы дайындалған қапшықтармен қапталады.
Айта кетейік, ерекше құртты дайындайтын Бекболаттағы цехте бүгінде жалпы 10 адам еңбек етіп, күнделікті 5000-нан аса құрт өндіріліп, еліміздің түкпір-түкпіріне жіберілуде.
«Asyl Tas Holding» өндіріс компаниясының басшылығы бұл тек бастама ғана дейді. Алдағы уақытта олар өз өнімдерін «Chupa Chups»-тің ғана емес, сондай-ақ, қытырлақ картоп пен «tic tac» пішінінде жасап, шет елдің нарығына шығаруды да мақсат етіп отыр.