Барлығы бір кісідей атсалысуда

Барлығы бір кісідей атсалысуда

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация қайырымдылық акция аясында 200 баланы мектепке даярлауға көмектесті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері мектептегі қайырымдылық жолына белсенді қатысып, аз қамтамасыз етілген және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсетті. Олар акция аясында 1миллион 800 мың теңгеден астам қаражат жинап, 200 оқушыны мектеп формасымен сондай-ақ, оқуға қажет құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті.

Еске салайық, акция биыл республика бойынша 3 шілдеден басталып, 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Ұйымдастырушылар – «Нұр Отан» партиясы және ҚР Білім және ғылым министрлігі. Аталмыш акцияны көптеген мемлекеттік кәсіпорындар қолдап, мемлекеттік корпорация қызметкерлері де шетте қалған жоқ.

– «Мектепке жол» біздің қызметкерлер үшін жыл сайынғы дәстүрге айналды. Мен өз балаларын білім күніне дейін жеткізуге қиналған ата-аналарға көмектескен әр әріптестеріме алғыс айтамын, – деді мемлекеттік корпорацияның төрайымы Әсемгүл Балташева.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях