Барахолкадағы 3 базар қайта жаңғыртылуда

Барахолкадағы 3 базар қайта жаңғыртылуда

Алматы қаласында өткен баспасөз мәслихатында Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымов барахолкадағы 3 базардың жаңғыртылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Жаңарту жұмыстарынан өтетін 3 базардың қатарында «Ялянь-2» базары бар. Онда биыл ақпан айында қолданысқа берілетін ауданы 12 мың шаршы метр болатын 400 сауда орны ашылады. Тағы бір базар ол «Рахат-KZ» базары. Бұл жерде ауданы 6 мың шаршы метр аумақта 600 сауда орны жасақталады. Жаңа базар мамырда ашылады. Сондай-ақ, «Алатау» базарының 4 блогында шілде айында 250 сауда орны қосымша ашылып, 6 мың шаршы метрге кеңеймек.

Одан бөлек, 400 сауда орны бар «Керемет» жаңа сауда үйінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жаңа нысан 2020 жылдың тамызында пайдалануға беріледі.

Аудан әкімінің айтуынша, 3 базардың қайта жаңғырту жұмыстары биыл аяқталып, қалған 5 базардың қайта жаңғыртылуының жобалық сметалық құжаттамасы әзірленуде. Мақсат Қиқымов мәліметінше, ауданда 941 өнеркәсіп өндірісі, 37 ірі кәсіпорын, 904 шағын кәсіпорын орналасқан. Жене де Жетісу ауданы бөлшек сауда бойынша 8 ауданның ішінде 1-орын, көтерме сауда бойынша 4-орында тұр.

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях