Балаларға қатысты жасалған қылмыс жазасы қатаңдады

Балаларға қатысты жасалған қылмыс жазасы қатаңдады

Қылмыстық кодекстің 120-бабы «Зорлау» қылмысы бойынша қылмыстық топ құрамында әрекет жасағаны үшін жазаның төменгі шегі 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыруға ұзарды. Заң нормасына енгізілген өзгерістер күшіне енді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz жеілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстар үшін жазаны қатаңдатуды тапсырған болатын. Кейбір заңнамалық актіге тиісті өзгерістер енгізіліп, Парламенттің қарауына енгізілді. Осы жылдың 11 қаңтарынан бастап бұл өзгерістер заңды күшіне енді. Осылайша балаларға қарсы жасалатын жыныстық сипаттағы қылмыстың кез келген түріне жауапкершілік қатаңдатылды. Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыс жасаған үшін санкциялар күшейді.

Мәселен, Қылмыстық кодекстің 120-бабы «Зорлау» қылмысы бойынша айтар болсақ, қылмыстық топ құрамында әрекет жасағаны үшін жазаның төменгі шегі 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыруға көбейтілді. Ата-анасының, педагог, өгей әкесінің осындай қылмысқа барғаны үшін санкция 17 жылдан 20 жылға дейін ұлғайтылды. Бұрын бұл норма бойынша 12 мен 17 жылға дейін бекітілген. Міне, осындай өзгерістер Қылмыстық кодекстің 121, 122, 123, 124, 134, 144, 312-баптарына енгізілді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях