Балаларға арналған жаңа ойын алаңы ашылды

Балаларға арналған жаңа ойын алаңы ашылды

 

Бүгін аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың қатысуымен, Қаскелең қаласындағы Жанғозин көшесінің бойында орналасқан көп қабатты үйдің бірінде («Зағиптар қоғамы») «TAS GROUP» компаниялар тобының және де «Асыл тас» қоғамдық қорының сыйға тартқан жаңа жаздық ойын алаңының ашылу салтанаты өтті, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

 

Заманауи алаң (футбол алаңы, балалар ойын алаңы) болып екі бөлікке бөлінген. Мұнда балаларға арналған әткеншектер, сырғанақ, өрмелеуіш, төбесі жабылған ойын құрылғылары орнатылған. Жалпы айтқанда құрылыс жұмыстарына 15 млн. теңге кеткен жазғы алаңда балалардың бос уақыттарын тиімді өткізуіне, еркін ойнауына барлық қолайлы жағдай жасалған.

Кішкентай қарасайлықтарға арналған алаңның лентасын салтанатты түрде «TAS GROUP» компаниялар тобының негізін қалаушы Дулат Тастекеевпен бірге аудан басшысы Жандарбек Ермекұлы ашып, демеушілік көрсеткен компанияға ақ алғысын айтып, ата-аналар мен балаларды айтулы игі бастаманың жүзеге асуымен құттықтады. Әкімнен кейін сөз кезегі Дулат Тұрсынұлына беріліп, ол жиналған қауымды бүгінгі қуаныштарымен құттықтап, аталмыш алаңды салу үшін бос жер табуға көмек көрсеткен аудан әкімдігіне алғысын білдірді.

Шара барысында оған арнайы шақыртылған «Дәстүр шоу» ансамблінің өнерпаздары өздерінің әдемі де әсем әндері мен мың бұралған билерімен ашылу салтанатын тамашалауға келгендердің көңіл-күйлерін көтерді. Сондай-ақ, ауданымыздағы «Парасат» футбол клубының кішкентай шәкірттері жаңадан ашылған футбол алаңында доп тебуден өздерінің өнерлерін көрсетті. Шара соңында тұрғындарға бүгінгі күннен естелік ретінде Мұхтар Шахановтың әндер жинағы жазылған кітаптар тарту етілді.

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях