Алматы облысында тағы бір жаңа спорт кешені іске қосылды  

Алматы облысында тағы бір жаңа спорт кешені іске қосылды   

   Алматы облысы Бақанас ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды, деп хабарлайды  karasayinfo.kz желілік басылымы.

Бұл – облыстағы пайдалануға берілген 13-ші спорттық кешен.  Нысанның салтанатты ашылуына облыс әкімі Амандық Баталов, даңқты спортшылар Ұлан Рысқұл, Дамир Күзембаев, Дәурен Жұмағазиев, белгілі спортшы әрі облыстық басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев және аудан жұртшылығы қатысты

Алдыңғы кезекте  сөз алған облыс әкімі Амандық Баталов Елбасы мен Президенттің тапсырмаларына сәйкес облыста халықтың әл-ауқатын арттыруға, бұқаралық спортты дамытуға жасалып отырған жағдайларға қысқаша тоқталып өтті. Сол сияқты Алматы облыстық мәслихат депутаты, «Агрофирма Бірлік» ЖШС директоры, спорттың жанашыры, меценат Әбдіжаппар Қыстаубаев та көпшілікке ізгі тілегін білдірді. Кешенінің құрылысын салған «Капстройгрупп-Т» ЖШС бас директоры Болат Ишназаров ғимараттың кілтін жаңа спорт нысанының директоры Хамит Сембаевқа тапсырып, музыкалық орталық сыйға тартты.

Мұнан соң көпшілік кешеннің ішін аралап, волейбол, күрес, бокс, тренажерлық залдарда, даладағы баскетбол, футбол алаңдарында болды. Жаттығып жатқан балалармен тілдесіп, оларға спорттық киімдер мен ойын доптарын сыйлады.

Жалпы, Бақанастағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы 2019 жылы басталған болатын. Оны салуға 1 млрд. 102 млн. теңге жұмсалды. Нысанның ауданы 4 257 шаршы метр болатын ғимаратта  күрес, бокс, футбол, баскетбол, волейбол, теннис сияқты спорт түрлеріне баулуға барлық жағдай жасалған, тиісті спорттық құралдармен толық жабдықталған.

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях