Қазақстанда жыныстық сауаттылық туралы оқулық шыққаны жайлы ақпарат – фейк

Қазақстанда жыныстық сауаттылық туралы оқулық шыққаны жайлы ақпарат – фейк

Instagram-аккаунттарда қазақстандық мектептерде жыныстық білім беруге арналған оқулықтардың суреті салынған пост жарияланды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Автор жазылушыларын egov.kz сайты арқылы кәмелетке толмағандардың репродуктивті және психикалық денсаулығын қорғау бойынша медициналық көмек ұйымдастыру ережелеріне қарсы дауыс беруге үндейді. Бұл ретте пост авторы «балалардың назарына ұсынылатын» жыныстық сауаттылық туралы кітаптағы суреттерді көрсеткен.

Шын мәнінде, иллюстрация 2010 жылы Ресейде басылып шыққан «Как я появился на свет» кітабынан алынған. Оның қазақстандық білім беруге еш қатысы жоқ. Бірақ, бұл ақпарат әлеуметтік желілерде тез тарады, ал, көп балалы ана Зиуар Жұманова бұл мәселені шешулерін сұрап Қ.К.Тоқаев пен Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа хат жазған.

StopFake редакциясы «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығына хабарласып, түсініктеме алды.

– Постта көрсетілген кітаптың қазақстандық оқулықтарға еш қатысы жоқ. Оның үстіне Қазақстанда мектептерде жыныстық тәрбие беру сабақтары өткізілмейді. Мектеп оқулықтарының мазмұны Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға (ҚР МЖМС), әрбір пән бойынша ҚР БҒМ бекіткен типтік оқу жоспарлары мен типтік оқу бағдарламаларына сәйкес құрастырылады. Бұл құжаттарда жыныстық тәрбие беру туралы пән жоқ, – деді Орталық директоры Ғани Бейсембаев.

Еске салайық, фейк (жалған) ақпарат таратқаны үшін Қазақстанда ҚР ҚК 274-бабы бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях