Енді қазақстандық жұмыс берушілер қызметкерлеріне артық жұмыс істете алмайды. Депутаттар оларға айыппұл салатын жаңа заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы holanews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Жұмыс берушілердің қызметкердің жұмыс уақытын заңсыз ұзартқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделіп отыр», – деп айтты мәжіліс депутаты Гүлнар Бижанова.
Айта кетейік, Қазақстанда заң бойынша жұмыс уақыты аптасына 40 сағаттау аспауы тиіс.