Елде түрмеге қамалатындар саны жылдан-жылға азайып келеді. Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаевтың мәлімдеуінше соңғы 10 жылда абақтыға жабылғандардың қатары екі есе кеміген, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы 24.kz сілтеме жасап.
Қылмыс жасайтындар азайған соң, еліміздің аумағындағы түрмелер де жабылуда. Соңғы 10 жылда 14 түзеу мекемесі жойылған. Бұрын Қазақстан істі болатындар саны бойынша әлемдік рейтингте 31-ші орында еді. Ал қазір 98-ші сатыға жылжыған.