Қазақстан туралы жарнамалық бейнеролик Болгариядағы халықаралық фестивальде жүлдеге ие болды  

Қазақстан туралы жарнамалық бейнеролик Болгариядағы халықаралық фестивальде жүлдеге ие болды   

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы түсірген «Біз қайда барамыз?» атымен белгілі бейнеролик Болгариядағы Велико-Тырново қаласында өткен XVI «On the East Coast of Europe» (Еуропаның Шығыс жағасында) Халықаралық туристік фильмдер фестивалінде «Туристік дестинация» номинациясы бойынша ұзақтығы 90 секундке дейінгі ең үздік жарнамалық бейнебаян болып танылды, деп хабарлайды  Karasayinfo.kz желілік басылымы Халықаралық фестиваль сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш фильмдер фестивалі осымен 16-шы рет өткізіліп отыр. Барлығы осы уақытқа дейін 98 елден 1076 қатысушы фестивальге қатысып, туризм тақырыбындағы түрлі фильмдер мен жарнамалық роликтер бақ сынасқан.

Биыл бұл фестивальге 21 елден 74 бейнеролик қатысып, олар үш номинация бойынша бағаланды. Бірінші кезеңде 74 роликтің 44-і келесі турға өтті, оның ішінде еліміздің ұсынған бейнеролигі де бар еді. Екінші кезеңде «Туристік дестинация» номинациясында Біріккен Араб Әмірлігінен бір, Эстониядан екі ролик сайысқа түсіп, олардың арасынан Қазақстанның «Біз қайда барамыз?» ролигі жеңімпаз атанды.  Сондай-ақ, фестиваль аясында Қазақстан туралы бейнеролик Велико-Тырново қаласының орталық алаңында да көрсетілді.

«Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 2017 жылы Қазақстан туризмін шет елде жарнамалау және салаға инвестиция тарту мақсатында құрылған. «Біз қайда барамыз?» бейнеролигі 2018 жылы халықаралық телеарнада көрсету үшін түсіріліп, әлеуметтік желілерде тарап кеткен болатын.

Тағы да айта кетерлігі 2018 жылдың қорытындысы бойынша бұл ролик танымал ресейлік саяхат туралы tutu.ru сайтының нұсқасы бойынша жылдың ең жақсы бейнебаяны ретінде танылған болатын.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях