Қазақстан Республикасының Бас прокуроры ауысты

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры ауысты

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры болып Ғизат Нұрдаулетов тағайындалды,  деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік баслымы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Ғизат Нұрдәулетов Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып тағайындалды», делінген Ақорданың хабарламасында. Ал, бұрын Бас прокурор қызметін атқарған Қайрат Қожамжаров басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Ғизат Дәуренбекұлы 1964 жылы 11 маусымда Алматы облысында дүниеге келген. 1990-1996 жылдары прокуратура органдарында жұмыс істеген, 1996-1997 жылдары ҚР Мемлекеттік тергеу комитеті органдарында, 1997-2007 жылдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет еткен. 2007 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалған, 2013 жылдың 6 мамырынан бастап ұлттық қауіпсіздік қызметінде болған.

2016 жылдың қараша айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарған. Кейінен Бас прокурордың бірінші орынбасары қызметінде істеген

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях