Бейбіт Исабаев Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Ақорда сайтына сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды», –делінген Өкімде.
Мемлекет басшысының Өкімімен Қайрат Айтмұхамбетұлы Нұрпейісов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы қызметінен босатылды.