АУЫЛДЫҢ ДАМУЫН АЛҒА ТАРТТЫ

АУЫЛДЫҢ ДАМУЫН АЛҒА ТАРТТЫ

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партия атынын Президенттік сайлауға түсіп жатқан Төлеутай Рақымбеков Қарасай жеріне жұмыс сапармен келді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Ел Президенттігіне үміткерлер сайлау уақыты жақындаған сайын барынша үгіт-насихат жұмыстарын жеделдетіп, әр өңірлерлердегі тұрғындармен кездесу арқылы болашақ мақсат-міндеттерін түсіндіріп келеді. Кеше ауданымызға арнайы «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партия атынын Президенттікке кандидат ретінде тіркелген Төлеутай Рахымбеков келіп, «Агропарк Оңтүстік» ЖШС шаруашылығында қолдаушыларымен кездесті. Алдымен «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің бас директоры Андрей Агеенко мен «Агропарк Оңтүстік» ЖШС-нің бас директорының орынбасары Жанболат Алишеров Төлеутай Сатайұлын егістік алқаптың алдынан күтіп алып, шаруашылықтың жұмысы жайлы қысқаша баян етті. Одан кейін үміткер сайлаушылармен жақын пікір алмасып, өзінің алға қойған сайлауалды бағдарламасын кеңінен таныстырды. Ал, ауылдықтар өз тараптарынан үміткер жайында бейнематериал дайындап, көпшілікке ұсынды.

«Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» деп ұран еткен Төлеутай Рахымбеков келушілердің бірқатар сұрақтарына жауап беріп, өзінің облыстық, аудандық штаб мүшелерімен бірге ауылшаруашылығын дамыту жолындағы жұмыстарын ортаға салды. Сайлаушылар тарапынан ауылдың дамуына, еліміздегі білім жүйесін қатысты және тағы басқа да көптің көкейінде жүрген бірнеше сауалдар қойылып жатты. Оларға қатысты кандидат сайлауалды бағдарламасын тілге тиек етіп, ойын ашық жеткізді. Одан бөлек, үміткер өз сөзінде жастарды алаңдататын бірнеше мәселеге тоқталып, оның шешу жолдарына байланысты көзқарасын білдірді. Мәселен, оларға деген жұмыстың тапшылығы, баспаналы болу, оқу орындарына түсу сияқты қиындықтары.

Кездесу соңында кандидат Төлеутай Сатайұлы «Агропарк Оңтүстік» ЖШС шаруашылығының егістік алқаптарын аралап танысуды да жөн көрді. Шаруашылықтың иелігіндегі ауқымы кең жердегі күнделікті жұмыс барысын «Агропарк Оңтүстік» ЖШС-нің бас директорының орынбасары Ж.Алишеров жан-жақты айтып, көктемгі науқан жұмыстарының нәтижесімен бөлісе келе шаруашылыққа қажетті техникалар жайында да түсіндірді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях