Аудандық волейболшылардың тартысы

Аудандық волейболшылардың тартысы

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Округ жастары волейбол алаңында кездесіп, спорттық бәсекеге түсті, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Кеше Қаскелең қаласындағы №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде аудан жастары арасында  ашық турнирі өтті.  Өскелең ұрпақты достық пен патриоттыққа, саламатты өмір салтын сақтайтын белсенді азаматтарды тәрбиелеуді мақсат еткен бұл бәсекеде аудан округтерінен жиналған сегіз команда бас қосып, бақ сынасты. Алдымен, осы сайыстың өтуіне ұйытқы болып отырған аудандық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Аида Ақшалова жиынды ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сонымен, дәлдік пен жылдамдықты талап еткен жарысты спортшылар керемет ойын көрсетті. Олар бұл ойынымен жарысқа дайындалып, жаттығып келгенін дәлелдеді. Сайыс қорытындысында ұйымшылдығымен көзге түсіп, көп ұпай жинап Жаңашамалған ауылдық округінің волейболшылары жеңімпаз болып танылды. Оларға жол беріп,  екінші орынды біріншімайлықтар алса, үшінші орын озат командалардың қатарында болған шамалғандықтарға бұйырды. Жеңіс тұғырынан көрінген командалардың барлығына кубоктар, медальдар және алғыс хаттар табысталды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях