Аудан жастарының көрікті флешмобы

Аудан жастарының көрікті флешмобы

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Белсенділіктерін танытып жүрген аудан жастары флешмоб ұйымдастырды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Ауданның жастар ресурстық орталығы қашанда түрлі шараларға белсенді қатысып, барынша жақсы істерге бастамашылардың қатарында жүреді. Бүгін де өздерінің жетекшілік қабілеттерін танытып, патриоттық тәрбие беру арқылы өскелең ұрпақтың мәдениетін қалыптастыру және кезекті сайлауды қолдау мақсатында жастар флэшмобын өткізді. Айтулы шара ауданымыздағы Қаскелең қаласының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде ұйымдастырылып, жиылған жастар легі әдемі әуен арқылы ырғақты қозғалысымен көпті таңғалдырды.

Жиында құрметті қонақтардың ретінде аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сағат Мәсімақынов пен аудандық мәслихат депутаты, аудандық «Заман жаршысы» газетінің бас редакторы, Атлана Исаева сөз сөйлеп, жастар жағы қашанда ауданға қатысты маңызды істерде белсенділік таныту керектігін жеткізді. Ал, аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Аида Ақшалова өңірде атқарылып жатқан түрлі іс-шараларға қашанда бірлікпен атсалысатынын айтып, оған аудан жастары болып қолдау білдіретінін түсіндірді. Шара барысында әуелеген ән айтылып, белсенді өскелең ұл-қыздардың ырғақты флешмобы жиынның сәнін келтірді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях