АУДАН ЖАСТАРЫ «БІРГЕ – ТАЗА ҚАЗАҚСТАН!» АКЦИЯСЫН ҚОЛДАДЫ

АУДАН ЖАСТАРЫ «БІРГЕ – ТАЗА ҚАЗАҚСТАН!» АКЦИЯСЫН ҚОЛДАДЫ

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Кеше республика көлеміндегі «Бірге – таза Қазақстан!» акциясын қолдауға арналған аудандық жастар ресурстық орталығы «Көрікті, көркем қалам» атты шара ұйымдастырды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Аталған шараның негізгі мақсаты – жастарды туған жерін аялап, тұрғылықты жерін ластамай, қаланы таза ұстауға шақыру. Аудандық мәдениет үйінің алаңындағы Жастар саябағында өткен жиынның бағдарламасы түрлі бағытты қамтыды. Алдымен, ырғақты әуенге студенттер флешмоб билеп, айтыскер ақын Серік Қалиев бастаған бір топ мектеп оқушылары ағартушы, философ, ақын Абай Құнанбайұлының өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар, Ұлы Абайдың биылғы 175 жылдығын насихаттау барысында жиналғандардың ішінен ақынның өлеңін оқығандарға сыйлықтар тарту етілді. Одан кейін Қарасай батыр орта мектебінің жас спортшылары таэквандо техникасының қыр-сырын көрсетіп, өз өнерлерін ортаға салды.

Сондай-ақ, жиынға арнайы қатысқан Қаскелең қаласының әкімі Асқар Мұқашев жастармен естелік суретке де түсіп, аспанға шар ұшырды. Әрі қарай шара аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының қойған концерттік бағдарламаға жалғасты. Мерекелік жиының соңы «Қалбүбі» өнер студиясының әншілері орындаған «Мен жастарға сенемін!» әнімен түйінделді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях