Аудан әкімі Елдос Ахметов Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылында бой көтеріп жатқан көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Мердігер мекеме өкілдерімен пікірлесіп, тұрғын үйлерді аралап көрді, деп хабарлайды naqty.kz желілік басылымның тілшісі.
Елдос Тұрсынбайұлы Қарабұлақ ауылында «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде салынып жатқан 60 пәтерлік көп қабатты тұрғын үй құрылысының алаңына атбасын тіреп, инженерлік инфрақұрылым құрылысын жеделдетуді қатаң тапсырды.
Құрылыс нысандарын аралаған аудан әкімі жұмыстар уақытылы жүргізіліп, сапалы болу керектігін ескертті. Сондықтан, инженерлік желілердің және аумақты абаттандырудың құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу мерзімі ағымдағы жылдың 30 тамыз айына дейін ұзартылды.
– Тұрғындарды баспанамен қамту – күн тәртібінен түскен емес. Сондықтан біз осы бағыттағы жұмыстарға аса мән береміз. Биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында көпқабатты қос тұрғын үй бой көтеруде. Бұл құрылыстың сапалы салынуын әркез қадағалап отырмыз. Сондықтан құрылыс жұмыстары жоспарлы жүргізіліп, сапалы іске асырылуы тиіс, – деді аудан басшысы.
Көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысымен танысысқан соң мердігер мекемеге аудан басшысысы бірқатар тапсырма берді.