Аудан басшысы жамбылдықтардың алдында есеп берді

Аудан басшысы жамбылдықтардың алдында есеп берді

Бүгін аудан әкімі Жандарбек Далабаев өзінің кезекті есеп беру жиналысын Жамбыл ауылдық округінде өткізіп, жергілікті тұрғындарды мазалап жүрген сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Жиынға әдеттегідей аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық бірқатар бөлім басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Есептік кездесуде алдымен аудан басшысы өткен 2019 жылда атқарылған жұмыстар мен жеткен жетістіктерді баяндап, алдағы уақытта жоспарға сай жүзеге асатын мақсат-міндеттерді сөз етті. Сондай-ақ, Жандарбек Ермекұлы биыл Жамбыл округінде салынған дәрігерлік амбулатория мен полиция учаскісінен бөлек, келер жылы Батан ауылында 450 орындық мектеп салу жоспарланып отырғанын да айтып өтті. Мұнан бөлек ол жамбылдықтарды аландатқан жарық мәселесі жақында ғана Батан ауылында ашылған «Қаскелең – 220» қосалқы стансасы арқылы шешілетіндігін түсіндірді.

Аталған мәселелерден басқа, басқосуда тұрғындар тарапынан біраз көшелерде тас жол мен жаяу жүргіншінің жоқтығы, халыққа тыңыштық бермейтін қаңғыбас иттер, тікелей Алматы қаласына қатынайтын қоғамдық көліктің жоқтығы сияқты бірқатар мәселелер туралы өтініш-тілектер жеткізілді. Жұртшылықтың бірқатар сауалдарын тыңдаған аудан басшысы бұл мәселерді шешуді тиісті бөлім басшылары мен округ әкімі Тұрарбек Ташовқа жүктеді.

Жиын соңында округ тұрғындарының атынан бір жылдың ішінде жасалған көптеген жақсы жұмыстарға баға беріліп, алғыс айтылды. Ал, аудан басшысы Жандарбек Далабаев өз кезегінде барлық мәселелер шешілетіндігін, бірақ та, ол үшін жұрт болып бірігіп жұмыс атқару керектігін жеткізді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях