АТА ЗАҢЫМЫЗ ЖАЙЛЫ ЭССЕ ЖАЗЫЛДЫ

АТА ЗАҢЫМЫЗ ЖАЙЛЫ ЭССЕ ЖАЗЫЛДЫ

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Конституция мерекесіне орай аудан жастары еркін тақырыпта эссе жазды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Тәуелсіздігіміздің бірден-бір айғағы болатын ол – Конституция екені белгілі. Ата Заңымызда біздің адами құндылығымыз бен бостандығымыз қамтылып, құқықтық нормаларымыз сақталатыны да өздеріңізге мәлім.

Кемел келешектің кепіліне айналатын Конституциямызға арналған мейрам біздің елімізде 30 тамыз күні республика көлемінде аталып өтіледі. Айтулы мереке күніне орай, бүгін аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жас қарасайлықтар арасында еркін тақырыпта эссе жазылды.

Шара барысында алдымен жастар ресурстық орталығының маманы Айжан Балажанова мен Жандосов ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы Альмира Кудагельдинова Конституция жайында азды-кем ақпараттарымен бөлісіп, бүгінгі эссе жазудың шартымен түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, осындай айтулы сәтте жақында өткен Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған диктанттың нәтижесі бойынша үздік деп танылғандар марапатталды. Атап айтар болсақ, І орынға Қ.Сәтбаев орта мектебінен Меруерт Бельхожаева, ІІ орынды А.С.Пушкин орта мектебінен Жансая Ерболатова сынды бастауыш мұғалімдері ие болса, ал, ІІІ орын Жандосов ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы Альмира Кудагельдинова бұйырды.

Сонымен, қарасайлық жастар Конституция күніне орай еркін тақырыпта эссе жазудан өз қабілеттіліктерін жан-жақты таныта білді. Әркім өз пайымдауынша Ата Заңымыз жайлы ойларын қағаз бетіне түсіріп, мереке күнінің маңыздылығын, құндылығын сипаттап жазды.

Жеке көзқарасты мәтінге негізделген бұл жазбаның нәтижесі алдағы жақын күндерде анықталып, ұшқыр ойларын танытқан үздіктер қатары арнайы марапаттарға ие болады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях