Қарасайлық запастағы сарбаздар әскери қызметке шақырылды

Қарасайлық запастағы сарбаздар әскери қызметке шақырылды

40 жасқа дейінгі 110 қарасайлық әскери міндетті азамат әскери бөлімшелер мен мекемелерде бір айлық қызмет атқарады, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Елімізде жылда әскери даярлық, әскери міндеттілерді қайта даярлау, білімін жетілдіру, қажетті жауынгерлік дайындық деңгейі мен машықтарын пысықтау жұмыстары жүргізіліп келеді. Биыл да бұл дәстүр жалғасын тапты.

Бүгін аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің ғимаратында Отан алдындағы алғашқы борышын өтеп келген 110 қарасайлық әскери міндеттілері жиналып, қайта даярлау курстарынан өтуге аттанды. Олар өз қызметтерін Гвардейск кентінде орналасқан 22326 әскери бөлімінде өтейтін болады. Әскери бөлімшелерде сарбаздар Қарулы Күштердің соғыс және мобилизациялық дайындығын арттыру үшін әскери білімдерін жетілдіреді.

Қайта даярлау кустарына кетіп бара жатқан сарбаздарды бүгін жақындарымен қоса Қарасай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, подполковник Бекмырза Жүсіп, ҚР Қарулы күштерінің ардагері, отставкадағы подполковник Амангелді Шормаков, ҚР Қарулы күштерінің ардагері, отставкадағы полковнигі Малик Қалиев сияқты бірқатар ауған соғысының ардагерлері ізгі тілектерін жеткізіп, шығарып салды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях