ҚАРАСАЙДА ЖАСТАР САЯБАҒЫ БОЙ КӨТЕРДІ (Видео)

ҚАРАСАЙДА ЖАСТАР САЯБАҒЫ БОЙ КӨТЕРДІ (Видео)

Өздеріңіз білетіндей, биыл Қарасай ауданының құрылғанына 90 жыл толып отыр. Мерейтойдың құрметіне орай, өңірімізде жыл басынан бастап көптеген жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Соның ішінде көптің көңілін өзіне аудартқан нысандардың бірі – аудандық мәдениет үйінің алды. Мекеме алаңына күрделі жөндеу, абаттандыру жұмысы сәуір айынан басталған болса, қазіргі уақытта оның құрылысы толық аяқталды. Бұрынғы бейнесінен көрікті көрініске айналған алаң енді «Жастар саябағы» деп аталатын болады.
Ал, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Ербол Нағашыбаев қаз іргі уақытта нысанның жаңғыртылу жұмыстары жоспар бойынша іске асқанын айтады.

Бүгінгі таңда ашық алаңда лайықты күрделі жұмыс жүргізіліп қана қоймай, аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың ұсынысымен саябаққа Қорқыт атаның ескерткіші, махаббат монументі және балаларға арналған ойын алаңдары да орнатылған.
Келешекте аудан көлемінде өтетін барлық мерекелік іс-шаралар осы Жастар саябағында өткізілетін болады. Сондай-ақ, тұрғындар мен аудан қонақтары алаң айналасындағы орындықтарда тынығып, арнайы құрылған сахнада өнерпаздардың өнерін тамашалай алады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях