Қарасай ауданында жаңа прокурор тағайындалды

Қарасай ауданында жаңа прокурор тағайындалды

Бас прокурордың бұйрығымен Жақаев Жәнібек Оразбекұлы Қарасай ауданының прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды naqty.kz желілік басылымы.

Жәнібек Оразбекұлы 1984 жылы 26 қарашада дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетінің Алматы заң академиясын «құқықтану», Атырау мұнай және газ институтын «экономика» мамандықтары бойынша тәмамдаған.  Прокуратура органдарындағы қызметін 2007 жылы Алматы қаласы  Медеу ауданы прокурорының көмекшісі ретінде бастады. 2010-2014 жылдары Алматы қаласы Медеу ауданы прокурорының аға көмекшісі, 2014-2018 жыл аралығында Алматы облысы Талғар ауданы прокурорының орынбасары, 2018-2019 жылдары Алматы облысы Қарасай аудандық прокуратурасының аға прокуроры, 2019 жылдың сәуір айы мен мамыр айының аралығында Алматы қаласы Алмалы ауданы прокуратурасының прокуроры, 2019 жылдың қыркүйек айына дейін Алматы қаласы Алмалы ауданы прокуратурасының соттарда мемлекеттік мүдделерді білдіру және қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің аға прокуроры, 2019 жылдан 2020 жылға дейін Алматы қаласы Алмалы ауданы прокурорының орынбасары болып еңбек еткен. Қарасай ауданының прокуроры болып тағайындалғанға дейін ол Алматы қаласы Медеу ауданы прокурорының орынбасары болып қызмет атқарған.

Прокуратурадағы жұмыс өтілі –15 жыл.

Шені – Кіші әділет кеңесшісі.

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях