Қарасай ауданында КТА ашық лигасы өтеді

Қарасай ауданында КТА ашық лигасы өтеді

Қарасайлық әзілкештер «Маусымашар – 2019»-да өнер көрсетеді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Құрметті Қарасай ауданының тұрғындары және қонақтары!

Сіздерді 30 қазан күні, сағат 16.00-де аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өтетін «Маусымашар – 2019» КТА ашық лигасына шақырамыз!

Дәл осы күні Қарасай ауданының әзілкеш командалары көңілді тапқырлар алаңында (КТА) бас қосып, әсерлі әзілдерімен көрерменге күлкі сыйлайды.

Кеш жүргізуші – елге танымал жайдарманшы, әзілкеш Хамит Ердехан.

Керемет күйге бөленіп, көңілді кештің куәгері болыңыз! Келем деушілер есік ашық, кіру тегін.

Өтетін жері: Қарасай аудандық Мәдениет үйі.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях