Қарасай ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

Қарасай ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

22 желтоқсандағы аудан әкімінің өкімімен Адис Сейдакматов Қарасай ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Жаңа аудан әкімінің орынбасары бүгін аудандық әкімдіктің активіне таныстырылды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Адис Жаратбекұлы –Қырғызстан Республикасының тумасы. 1979 жылы Бішкек қаласында дүниеге келген. 2013 жылы Алматы қаласындағы «Тұран» университетін «есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылдың қыркүйегінде Алматы қаласы өнеркәсіп және сауда Департаментінің сауда және қызметтер саласы бөлімінің жетекші маманы болып бастаған. Одан кейінгі қызметтері келесідей:

2004 жылдың тамызы мен 2006 жылдың мамыры аралығында – Алматы қаласы өнеркәсіп және сауда Департаментінің сауда және қызметтер саласы бөлімінің бас маманы;

2006-2007 жылдары – Алматы қаласы кәсіп және өнеркәсіп Департаментінің сауда бөлімінің бас маманы;

2007-2009 жылдары – Алматы қаласы кәсіп және өнеркәсіп Департаментінің сауда бөлімінің басшысы.

2009 жылдың ақпан айының соңына дейін – Алматы қаласы  хаттама, нормативтік құқық актілерді тіркеу және рәсімдеу бөлімінің бас маманы-облыс әкімі орынбасарының көмекшісі;

2009 – 2011 жылдары – «Жетісу Агро Сауда» ЖШС-нің бас директоры;

2011– 2012 жылдары – «Alem Beauty company» ЖШС-нің коммерциялық директоры;

2012 – 2015 жылдары – Алматы қаласы кәсіпкерлік, индустриалды даму және ауыл шаруашылығы басқармасының орынбасары;

2015 – 2016 жылдары – Алматы қаласы ауыл шаруашылығы басқарма басшысының міндетін атқарушы;

2016 жылдың наурызы мен тамызы аралығында – Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары;

2022 – 2023 жылдары Алматы облысы әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы;

2023 жылдың тамызынан бастап бүгінгі күнге дейін Алматы облысы әкімінің аппараты инспекторлық бақылау және жобалық кеңсе бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях