Англия құрамасының футболшысы нәсілшілдікке байланысты ұлттық командасын ауыстырмақ  

Англия құрамасының футболшысы нәсілшілдікке байланысты ұлттық командасын ауыстырмақ   

Челси мен Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Каллум Хадсон-Одои футболдан азаматтығын өзгертуді шешті, өйткені Маркус Рэшфорд, Джейдон Санчо және Букайо Сака EURO-2020 финалында айып добын соға алмағаннан кейін нәсілшілдердің шабуылына тап болды, – деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Eurosport сайтына сілтеме жасап.

ФИФА-ның жаңа ережелері Хадсон-Одоиге өзі дүниеге келген Гана құрамасының футболшысы болуға мүмкіндік береді. «Челси» ойыншысы жақында Африка республикасына барып, президент Нано Акуфо-Аддомен кездесіп, футбол инфрақұрылымын және елдегі балалар мен жастардың мүмкіндіктерін қалай жақсартуға болатынын талқылады.

Гана президенті жастар және спорт министрі Мұстафа Уссифтен 20 жастағы футболшыны «қара жұлдыздар» футболкасын киюге көндіруді сұрады. Ghana Sports Online ақпаратына сәйкес, Хадсон-Одои Гана үшін ойнауды ұйғарды.

Каллум ағылшындар үшін үш матч ойнады. Оның ұлттық құрамадағы дебюті 18 жасында және Чехияға қарсы EURO-2020 іріктеу ойынында болды. Сол кезде ол ресми матчте ойнаған ең жас футболшы атанды.

ФИФА-ның жаңа ережелері Каллумға команда өзгертуге мүмкіндік береді, өйткені ол төрт кездесуден артық шықпады және ірі турнирге қатыспады.

Футбол азаматтығын өзгерту процесі сәтті өтсе, Хадсон-Одои 2022 жылдың қарашасына дейін күтуге мәжбүр болады, өйткені бұрынғы командадағы соңғы матч пен жаңасындағы бірінші матчтің арасы үш жыл болуы керек. Одоидің «үш арыстан» футболкасындағы соңғы ойыны 2019 жылдың 17 қарашада EURO біліктілігінде Косовоға қарсы өткен.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях