Алматыда полицейлерден ақша бопсалаған «блогер» ұсталды  

Алматыда полицейлерден ақша бопсалаған «блогер» ұсталды   

Алматы ПД басшысының орынбасары Рүстем Абдрахманов әлеуметтік желідегі парақшасында полиция қызметкерлерінен ақша бопсалаған ер адамның ұсталғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Абдрахмановтың айтуынша, ер адам полицейлерді видеоға түсіріп, оны жарияламауы үшін 50 мыңнан 200 мың теңгеге дейін ақша талап еткен.

«Күдікті 1987 жылы туған Б. есімді азамат. Ер адам патруль қызметкерлеріне өзін блогер ретінде таныстырып, видеоны жарияламауға уәде берген және ол үшін ақша бопсалаған. Сома 50 мың мен 200 мың теңге аралығында», – деді Рүстем Абдрахманов.

Ер адамды Әуезов ауданында, өзі талап еткен 300 долларды алуға келген кезде тұтқындаған.

Дәлелдер алынып, іс ҚР Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігі «Бопсалау» бойынша тіркелді. Ұсталған ер адам Алматы полциясының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу жұмыстарын департаменттің тергеушілері жүргізіп жатыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях