Алматыда коронавирус жұқтырғандарға арналған далалық госпиталь ашылады

Алматыда коронавирус жұқтырғандарға арналған далалық госпиталь ашылады

Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров COVID-19 жұқтырған азаматтарды орналастыруға арналған ҚР Қорғаныс министрлігінің мобильді далалық госпиталінің әзірлігін тексерді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

» Қазақстандық бітімгерлік полкі» негізінде құрылған далалық госпиталь қажеттілік туындаған жағдайда COVID-19 диагнозы расталған азаматтарды жатқызуға арналған инфекциялық стационар ретінде пайдаланылады.
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылық өкілі Әсел Бисенбаева және Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті өкілі Ерлік Дүйсембаев, И.Жекенов атындағы инфекциялық аурухананың бас дәрігері Айгүл Абдрахманова, Алматы гарнизоны және далалық госпиталь басшыларымен бірге аталған мекеменің дайындық деңгейімен және пациенттерді қабылдау мүмкіндігімен танысты. Билік өкілдері госпиталь ішіндегі инфекциялық бақылау мен қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігін ұйымдастыру мәселелеріне назар аударды. Госпитальдің жұмыс аймақтарын «таза», инфекцияланған және шлюздар жұмысы деп бөлу қарастырылды. Сонымен бірге, госпитальді медициналық мамандармен қамту, тамақтандыру және дезинфекциялық жұмыстарды ұйымдастыру, биологиялық, медициналық және тұрмыстық қатты қалдықтарды утилизациялау мәселелері де қаралды. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров әкімшілік атынан госпитальдің жеке құрамын коронавирус инфекциясымен күресте қосқан үлестері үшін оларға алғыс білдірді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях