Алматы облысындағы зауыт еліміздің алмаға деген импорттық сұранысын 5 пайызға азайтып отыр

Алматы облысындағы зауыт еліміздің алмаға деген импорттық сұранысын 5 пайызға азайтып отыр

Бүгінде Іле ауданындағы «Береке» индустриялық аймағында «FRUIT ART» ЖШС экспорттық жеміс-жидек кластерінің толық өндірістік циклі жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Кәсіпорын ішінде сыйымдылығы 15 мың тоннаға дейін жететін жеміс сақтау қоймасы бар. Қоймадағы ауа жемістер бұзылмас үшін бақылауға алынған. Мұнда тәулігіне 200 тонна шикізатты өңдеуге қабілетті кешен жасақталған. Жеміс-жидекті мұздатып кептіру зауыты, сондай-ақ, жылыжай бар. Жылыжайда жыл бойына 1800 тоннаға дейін құлпынай өсіріледі әрі 900 тонна салат өнімдерін дайындауға болады.

Өнімдерді өндіру және өңдеу жұмысы Еуропа мен АҚШ-тың инновациялық технологиялары арқылы жүзеге асырылады. Зауыт аясында 500 тұрақты және 7500 маусымдық жұмыс орны құрылған. Аталған зауыт еліміздің алмаға деген импорттық сұранысын 5 пайызға азайтып отыр. Сонымен бірге, басқа да жеміс-жидектерден 100 пайызға импортқа тәуелділік көрсеткішін төмендетті.

Жеміс-жидек зауыты ішкі және халықаралық нарыққа өнім жеткізуді жүйелі түрде жолға қойған. Зауыттың Үлкен Алматы айналма жолына жақын жерде орналасуы логистикалық мәселелерді айтарлықтай жеңілдетеді әрі негізгі магистральдарға оңай шығуды қамтамасыз етеді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях