Алматы облысында полковник пара алу кезінде ұсталды

Алматы облысында полковник пара алу кезінде ұсталды

Алматы облысындағы №03825 әскери бөлімшесінің командирі мен осы бөлімшенің бөлім басшысы пара алу және пара беруге делдал болу күдігіне ілінді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарқа сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аға тергеушісі Қайсар Баржақсынов айтты.

– Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі №03825 әскери бөлімшесінің командирі мен осы бөлімшенің бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, – деді ол агенттіктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында.

Аға тергеушінің сөзінше, әскери бөлімшенің командирі келісімшарт бойынша әскери қызметшіден тәртіптік жазаны алып тастау үшін пара алған, ал бөлім басшысы аталған факт бойынша пара беруге делдал болған.

Сондай-ақ, Қайсар Баржақсынов ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайтынын да қосымша мәлімдеді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях