Алматы облысында екі аудан әкімі ауысты  

Алматы облысында екі аудан әкімі ауысты   

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Алматы облысы әкімінің бұйрығымен Қаратал және Ескелді аудандарының әкімдері тағайындалды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Атап айтқанда,  Қаратал ауданының әкімі болып Рауан Рақымбаев болды. Ол І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «эколог», «қаржы» мамандықтары бойынша бітірген. Рауан Тұрданғазыұлы әр жылдары Талдықорған қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының жетекші маманы, Талдықорған қаласы әкімінің кеңесшісі, Өтенай селолық округінің әкімі, Текелі қаласы әкімінің орынбасары қызметтерінде болған. Ал, Ескелді ауданы әкімінің лауазымына Қайрат Бұлдыбаев сайланды. Ол 1980 жылы Талдықорған индустриялдық-педагогикалық техникумында «техник-механик, өндірістік оқыту шебері», 2004 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «инженер-педагог» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Қайрат Найманбайұлы аталмыш қызметке дейін Алматы облысы «Автотехобслуживание» ЖШС-ның директоры, Рудник кентінің әкімі, Өтенай селолық округінің әкімі, ШЖҚ «Көркейту» МҚК бастығы, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, Талдықорған қалалық мәслихатының хатшысы лауазымдарында жұмыс істеген.

– Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Біз тапсырма алдық, бізге жауапкершілік жүктелді және артқан сенімді ақтауымыз керек. Ең алдымен біз елдің әлеуметтік саясатын іске асыруды қамтамасыз етуге тиіспіз. Инвесторлармен жұмыс істеу және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту. Бүгінгі кадрлық өзгерістер өңірлерде кездейсоқ емес. Ескелді және Қаратал аудандары аграрлық аймақтар болып табылады. Сіздердің алдыңызда егіннің сапасын жақсарту және ауыл шаруашылығын жаңғырту міндеті тұр, –  деді облыс әкімі Амандық Баталов. Сонымен қатар, аймақ басшысы Ескелді ауданының бұрынғы әкімі Бағлан Таңекенов тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы лауазымына тағайындалғанын атап өтті.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях