Алматы облысында бірқатар маңызды салаларға қосымша қаржы бөлінді

Алматы облысында бірқатар маңызды салаларға қосымша қаржы бөлінді

Бүгін облыстық мәслихаттың кезекті 62-сессиясы онлайн форматта өтіп, онда облыс әкімі Амандық Баталов өңірдің биылғы жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп берді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онлайн жиын барысында облыстың 2020 жылғы бюджетіне бірқатар өзгерістер енгізіліп, денсаулық сақтау саласына қосымша 1,8 млрд. теңге, соның ішінде дәрі-дәрмек қорын қалыптастыруға, медицина мекемелерінің материалдық техникалық базасын нығайтуға, білім саласына 8,7 млрд. теңге, яғни мектептерде кезекші сыныптар жұмысын жүргізуге, жұмыс істеп тұрған балабақшаларды ұстауға және өзге де қажеттіліктерге, сол сияқты басқа да бірқатар салаларға қаржы бөлінді жайында айтылды.

Облыс әкімі Амандық Баталов депутаттар алдында жасаған баяндамасында пандемияға қарамастан, өңірдегі өнеркәсіп, шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы, құрылыс және басқа да маңызды салалардың барлығында өсім қарқыны сақталғанын айтты. Сонымен қатар, арнайы слайдты көрсету арқылы барлық сандық көрсеткіштерді де атап өтті. Облыс басшысы өз есебінде мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, індетпен күрес, халықтың әл-ауқатын арттыру шаралары және басқа бағыттағы жұмыстардың барлығын да қамтыды. Баяндамадан соң Еңбекшіқазақ, Ақсу, Ұйғыр аудандарынан бірқатар мәслихат депутаттар сөз сөйлеп, аудандарда ел игілігін көрген жобалар мен атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып өтті. Бұл істердің барлығы да мемлекет қолдауымен жасалғанын тілге тиек етті.

Сессия барысында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Әмірханов 2020 жылға арналған облыс бюджетіне өзгеріс енгізу туралы шешімнің жобасымен таныстырды. Оның айтуынша, қорғаныс, білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік және коммуникация, ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы салаларына қаржы бөлінеді. Сол сияқты ауыл шаруашылығының бірқатар бағыттарын субсидиялауға да қаржы бөлінбек. Денсаулық сақтау саласында өңірдегі медициналық мекемелердің материалдық техникалық базаларын нығайтуға, мекемелерді жаңа жүйелерге қосуға, дәрі-дәрмек қорын қалыптастыруға да қосымша қаржылай қолдау көрсетілетін болады.

Ж. Әмірханов оқыған шешім жобасы депутаттар тарапынан қолдау тапты. Сол сияқты сессияның күн тәртібінде басқа да бірқатар мәселелер қаралып, барлық шешімдердің жобалары бекітілді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях