«АЛМАТЫ-БІШКЕК» КҮРЕ ЖОЛЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС НЕГЕ БАЯУ ЖҮРІП ЖАТЫР? (Видео)

«АЛМАТЫ-БІШКЕК» КҮРЕ ЖОЛЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС НЕГЕ БАЯУ ЖҮРІП ЖАТЫР? (Видео)

Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты «Алматы-Бішкек» тас жолының құрылысы неге баяу жүріп жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы «Almaty» телеарнасына сілтеме жасап.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы осы жылдың аяғына дейін екі эстакаданы пайдалануға беруді көздеп отыр. Алайда, көлік жүргізушілері құрылыс жұмысы неліктен баяу жүріп жатқанына наразылықтарын білдіруде.

Өздеріңізге бұрын мәлім еткендей, «Алматы-Бішкек» тас жолына қатысты құрылыс 2017 жылы бастау алғаны белгілі. Күніне 50 мыңнан астам автокөлік өтетін бұл күре жолдың кептеліс мәселесі халықты әбігерге салып келеді. Осыған байланысты және құрылыс жұмысының бәсеңдеп қалу себебін «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы өз тарапынан жауап берді.

– Биыл Ақсай өзенінен Іргеліге дейін асфальтпен жолды ашу жоспарда бар. Сондай-ақ, таға тәріздес эстакаданың қолданыс жолын пайдалануға береміз. Міне, биылғы жылдың жоспары осындай. Бұдан бөлек, қысқы мерзімде біз негізгі эстакада мен жаяу жүргіншілер жолын келесі жылы көктемге дейін аяқтауға тырысамыз, – деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Алматы облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Нұрхат Ақылтаев.

Қазіргі уақытта құрылыстың жөндеу жұмыстарына 200 адам және 50 техника атсалысып жатыр. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы өкілдерінің мәліметінше, құрылыс жұмысының 60 пайызы аяқталған. Халықаралық дәліздегі құрылыс толығымен 2021 жылы аяқталады.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях