Алимент төлеушілерге арналған бос орындар жәрмеңкесі  

Алимент төлеушілерге арналған бос орындар жәрмеңкесі   

   Ауданымызда алимент төлемейтін әкелер үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Алматы облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы мен аудандық жұмыспен қамту орталығы бос орындар жәрмеңкесін өткізді. Жиын қазіргі ахуалға байланысты барлық санитарлық талаптар сақталып,   ашық аспан астында ұйымдастырылды. Алимент төлемей жүрген көкек әкелермен күрес мақсатында өткізілген шараға  «Хамле ЛТД», «Маолин», «Чайный центр», «Тазалық», «Almaty  Tannery», «Ansar FOODS»,  «Kazak pak», «Rixos», «Юниан Секьюрити» сынды 10-нан артық кәсіпорындардың өкілдері өздеріндегі бос жұмыс орындарын келушілерге ұсынды: олар –қызмет көрсету саласы, күзетші, дайын өнімдерді қорапшалар мен қаптарға жинақтаушы адамдар (фасовщик), механик, электрик, жүргізуші, түрлі жұмыстарды атқаратын адам (разнорабочий). Жәрмеңкеге жұмыс іздеген 200-ден астам адам қатысты. Шарада Жамбыл және Қарасай аудандары бойынша аға жеке сот орындаушысы Қайрат Бейсенбаев сөз сөйлеп, борышкерлердің ұсынған жұмыстан бас тартса немесе жұмыспен қамту орталығына келмесе, азамат атқару құжаттың орындауынан жалтарғаң деп саналып, заңмен жазаланатын айтып өтті. Сонымен қатар, аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысының орынбасары Абылай Зуайда келгендерге аталмыш орталықтың жұмысы жайында толығырақ мәлімет берді.

Жәрмеңке барысында келушілер әртүрлі кәсіпорындардан келген өкілдердің барлығымен бетпе-бет сөйлесіп, мүмкіндіктермен танысып, жұмыс іздеушіге қоятын талап-тілектерін тыңдады. Өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар да алды. Шара соңында 38 азамат нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша келесі жылдың ақпан айында басталатын бағдарламаларға ілінді.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях